Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында зираттан ұрлық жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 26 қазанда Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Онда екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандардың бірі 33 жастағы Жамбыл ауданының, екіншісі 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екендігі анықталды. Тергеу барысында олардың Талас ауданының маңында зират қоршауларын ұрлауға қатыстылығы да анықталды.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.