Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зияткерлер БҰҰ моделінің мінберінде
Жаңалықтар

Зияткерлер БҰҰ моделінің мінберінде

16.02.2024
1 мин
0
430
Фото: НЗМ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары АҚШ-тың Бостон қаласындағы әйгілі Массачусетс технологиялық институтының ұйымдастыруымен өтетін  XVI MIT MUN конференциясынан оралды. Жаһандық форум әлемнің барлық континенттерінің 50-ден астам елдерінен келген 300-ден аса делегаттарын бір алаңға жинады.

Зияткерлер  Америка Құрама штаттарының, Ұлыбритания, Германия, Канада, Австрия, Швейцария, Қытай, Австралия, Польша, Швеция сынды мемлекеттердің үздік мектептерінің өкілдерімен қатар БҰҰ моделінің ондаған комиттерінде түрлі жаһандық проблемаларды көтеріп, қызу дискуссия орнатты .

Үш күн қазақстандықтарға шетелдік құрдастарымен табысты ынтымақтастық пен сындарлы диалогтың зор тәжірибесін сыйлады.

«Әр комитетте біз БҰҰ моделі бойынша жастар құрған MUN қозғалысының делегаттары ретінде  әлемді толғандыратын ең өзекті мәселелерді талқыладық, берілген елдердің ұстанымын қорғадық . Қатысушылардың көпшілігі-ағылшын тілді, сондықтан беделді мінберге көтерілу және БҰҰ – ның негізгі ресми тілінде сөйлеу біз үшін үлкен жауапкершілік болды. Біз өз міндетімізді лайықты орындадық деп ойлаймын», – деп бөлісті 11-сынып оқушысы Дінмұхамед Көшербаев.

NIS делегациясы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Лаура Қыздарбекованың жетекшілігімен әйгілі Массачусетс технологиялық институтының қабырғасында, MUN қозғалысы алғаш пайда болған елде конференцияға қатысу бақытына ие болды. Алғаш рет Америка Құрама Штаттарында колледждер американдық Сенаттың жұмысын модельдей бастаған болатын. Бүгінде жыл сайын бүкіл әлем бойынша мыңдаған оқушылар мен студенттер MUN бағдарламасына қатысады. Заң, мемлекеттік басқару, бизнес және өнер саласындағы көптеген көшбасшылар оқу кезінде «БҰҰ Моделі» бағдарламасының белсенділер қатарында болды.

Зияткерлер үшін американдық сапардың әсерлі оқиғасының бірі Гарвард университетіне ұйымдастырылған кампус-тур, әлемдегі ең беделді университеттің өмірін өз көздерімен тамашалау болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл