Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Артқа қайту

«Бала-шағамен ауылға»

07.07.2020
1 мин
1
3181
«Бала-шағамен ауылға»

 

Жоба туралы:

«Dauletten қайырымдылық қоры» жеке қорының 2020 жылғы маусым айындағы Қайырымды жұма акциясы аясында «Бала-шағамен ауылға» жобасы бастау алды. Жоба аясында 5 отбасыны қаладан ауылға көшіру жоспарланған.

Қор тарапынан жоба қатысушыларына:

  • Ауылдан үй алынады;
  • 2 сиыр және 2 бұзау беріледі;
  • 1 жыл көлемінде 42500 теңге төленіп отырады;
  • Ауылға 10 ағаш ексе, бір реттік 50 000 теңге төленеді;
  • Ауылдабіржылішінде бала дүниегеәкелсе, бір реттік 200 000 теңге беріледі;
  • Кәсіп ашса, Дәулет Төлеутайұлының Instagram парақшасында тегін жарнама мүмкіндігі;
  • Көшкен ауылда 3 жыл тұратын болса, үй атына аударылады. Оған дейін баспана қордың жеке меншігінде болады.

Егер жоба сәтті жүзеге асып жатса, алдағы уақытта тағы 5 отбасыны сол ауылдарға қоныстандыру жоспарда бар.

Жоба Дәулет Төлеутайұлының ҚАЙЫРЫМДЫ ОҚЫРМАНДАРЫ арқасында жүзеге асады.

Дәулеттің оқырмандары - Қайырымдылықтың нағыз бренді!

 

Көшкен отбасылар:

1) «Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласындағы көпбалалы отбасы көшті. Биыл 6 балалы Cәрсенбай Наурызбаев пен Раушан Кенжебаеваның отау құрғанына – 12 жыл. Қызылорда қаласында 10 жылдан аса уақыт пәтер жалдап келген.

Отбасы «Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша Қызылорда облысы, Қосшыңырау ауылдық округі, Досан ауылына қоныс аударды.

2) 5 баланың анасы Назым Бажкеева - Екібастұз қаласында иесіз қалған жатахана бөлмелерінің бірін жалдап тұрды. Кішкентай сәбилерімен қуықтай бөлмеде өмір сүру оған қиынға соқты. Күнде кешкісін Назым балаларына үй ішінде ақырын, жүгірмей ойнауын ескертіп отыратын да болған.⠀

Отбасы «Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылына көшті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Назым бұзаулы сиырын бағып, сүтін, майын, құртын пайдалануда.

3) Алматы қаласынан жоба жеңімпазы атанған – көпбалалы Молдағали Бұхарбаев пен Эльвира Байғараның отбасы. Жастайынан жұмысқа араласқан Эльвира кез келген істі дөңгелетіп әкетуге дайын.

Отбасы «Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылына көшті. Жас ата-ана ауыл шаруашылығын дамытуда қолға алды.

4) Шымкент қаласынан 7 бала тәрбиелеп отырған Серік Ергешұлы мен Ұлбала Сапарбаева «Бала-шағамен ауылға» жобасының жеңімпаздары атанды. Серік 10 жылдан бері жалдамалы жұмыс істеп келсе, Ұлбала үй шаруасындағы әйел.

Отбасы «Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша Қазығұрт ауданы, Майбұлақ ауылына көшті.

5) Қанат Сеитказин мен Назира Алибаева 6 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Назираның мүмкіндігі шектеулі. Осы уақытқа дейін пәтерден пәтерге көшіп, баспана тауқыметін тартқан. 

"Бала-шағамен ауылға" жобасы бойынша отбасы Алматы Облысы, Шамалған ауылына көшті.

Реквизиттері:
Байланыс:
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл