Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Артқа қайту

“Jana Qazaqstan” Республикалық балалар байқауын өткізу ережесі

17.01.2022
3 мин
940
28638
“Jana Qazaqstan” Республикалық балалар байқауын өткізу ережесі

“Jana Qazaqstan” Республикалық балалар байқауын өткізу ережесі


“Dauletten” қайырымдылық қоры 
“Jana Qazaqstan” атауымен Республикалық онлайн балалар сурет байқауын жариялайды. Еліміздегі 7-13 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, шығармашылық қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, патриоттық сезімін ояту арқылы жас таланттарды ынталандырып, өнерлі балаларға қолдау көрсету.

Шығармашылық қабілеті бар, бала қиялынан шыққан ерекше суреттер арасынан жеңімпаздарды анықтаймыз. Оза шыққан балаларды қаржылай және естелік сыйлықтармен марапаттаймыз.

Байқау онлайн форматта instagram парақшасында өтеді. Міндетті түрде @dauletten_qory парақшасына тіркеліп, #Bala2022baikau #janaqazaqstan  хештегін және толық аты-жөні, өңірі мен жасын жазып жүктеу.


Қатысушы “Туған өлкем”, “Болашақ мамандығым”, “Мен және отбасым”, “Менің арманым” т.б өзіне ұнаған еркін тақырыпта сурет салып, instagram парақшасына жүктеу маңызды. Міндетті түрде @dauletten_qory парақшасына тіркеліп, #Bala2022baikau #janaqazaqstan  хештегін және толық аты-жөні, өңірі мен жасын жазу керек.

Бағалау критерийлері: 
-бірегейлігі;
-суреттің мазмұны;
-идеяны іске асыруға креативтілігі;
-жұмыстың сапасы мен қанықтығы;
-қиялын және даралығын көрсету;
-шеберлігі.

Жұмыстарды қағазда немесе т.б (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдарда) орындауға болады.

Жеңімпаздар 4 ақпан күні @dauletten_qory парақшасында жарияланады. 

Байқауға қатысу тегін. Қатысушы тек 1 ғана суретті жүктей алады.

Реквизиттері:
Байланыс:
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл