Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1,4 млн-нан астам қазақстандық қарызды өздерінің сыртынан ресімдеу мүмкіндігін бұғаттады
Жаңалықтар

1,4 млн-нан астам қазақстандық қарызды өздерінің сыртынан ресімдеу мүмкіндігін бұғаттады

26.12.2024
1 мин
0
319

eGov-дағы "СТОП-несие": 1,4 млн-нан астам қазақстандық қарызды өздерінің сыртынан ресімдеу мүмкіндігін бұғаттады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2023 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанда деректерді қорғау және ақпараттың ағып кетуін болдырмау үшін жүйелі шаралар қабылданды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 50 жеке жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы жұмыс істейтінін хабарлады. Мамандардың кәсіби командалары ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің иелеріне және мемлекеттік органдарға IT-инфрақұрылымды қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар ақпараттық жүйелердегі осал тұстарын анықтау үшін жекеменшік BugBounty платформасы құрылды. Ол қазірдің өзінде әлемнің түкпір-түкпірінен 2,4 мыңнан астам тәуелсіз киберқауіпсіздік сарапшыларын тартты, олар ықтимал осал тұстар туралы, оның ішінде электрондық үкімет нысандарында 3 мыңнан астам есеп берді. Вице-министрдің айтуынша, әрбір осындай есеп қаралады және алынған ақпарат негізінде кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданады.

Азаматтардан мемлекеттік ақпараттық жүйелерден олардың дербес деректеріне қол жеткізу бойынша келісімдер жинау, сондай-ақ бұрын берілген келісімдер бойынша оларға қол жеткізу туралы eGov порталы арқылы хабарлау мүмкіндігі үшін күн сайын 1 млн-нан астам сұрау салуды дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі өңдейді. Сервиспен 195 ақпараттық жүйе біріктірілген. 

eGov-дағы "СТОП-несие" деп аталатын функцияда банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту жасалды, бұл алаяқтарға оларды азаматтардың сыртынан рәсімдеуге мүмкіндік бермейді, ал несие алу қажет болған жағдайда азамат оны өшіре алады. Бұл функцияны 1,4 миллионнан астам азамат пайдаланды. Сондай-ақ ЦДИАӨМ-ге дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау функциясы берілген, бұған дейін ол болмаған. Жыл басынан бері азаматтардың шағымдары бойынша 79 тексеру шарасы өткізілді, — деді Асхат Оразбек.

Сондай-ақ вице-министр азаматтардың дербес деректерін таратқаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын хабарлады. Айыппұл мөлшерін 3 есе арттыру ұсынылады, қазір олар 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін құрайды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл