Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2024 жылы Қазақстан олигархтарынан 22 млрд теңгеге жер тәркіленді
Жаңалықтар

2024 жылы Қазақстан олигархтарынан 22 млрд теңгеге жер тәркіленді

24.10.2024
1 мин
0
56

2024 жылдың басынан бастап олигополиялардан 22 млрд теңгеге 498 мың гектар жер тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бас прокуратурада сөз сөйлеген ведомство басшысы Берік Асылов биыл 411 инвесторға (Түркия, БАӘ, Қытай, Германия және т.б.) көмек көрсетілгенін, олардың экономикаға салған үлесі 9,1 трлн теңгені құрағанын айтты.

- Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында прокуратураның үйлестіруімен елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды, олигополиялардан 22 млрд теңгеге 498 мың гектар жер тәркіленді, – деп хабарлады Бас прокуратурада.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынатыны хабарланған болатын.

Қанша қаражат жиналды

Қазіргі уақытта Арнайы мемлекеттік қорға 177 млрд теңге жиналды.

Бұған дейін заңсыз активтерді қайтару жұмысы аясында 30 млрд теңге инвестициялық жобаларға бағытталғаны айтылған болатын.

Жобалар тізімі

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Мади Такиев ведомствода қайтарылған заңсыз активтерден түскен қаражат бағытталатын жобалардың тізімі дайындалып жатқанын хабарлаған.

Бұған дейін Қазақстанның Қаржы министрлігі мемлекетке қайтарылған активтерді басқару ережелерін жаңартып, процесс қатысушыларына жаңа ұғымдар мен талаптар енгізген болатын. Енді активтер коммерциялық конкурстар арқылы сатылып, өткізілетін болады, ал тендерге қатысу тек кепілдік жарналар төленген жағдайда мүмкін болады.

 

Құпиялылық: актив иелерінің деректері қорғалған

Жаңа ережелерде актив иелері туралы ақпараттың құпиялылығына ерекше көңіл бөлінген. Басқарушы компаниялар қатаң талаптарды сақтап, активтерді қабылдау және басқару процесінде белгілі болған жеке мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл