Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылға қарай отандық әуе компанияларда 145 жеке ұшақ болады
Жаңалықтар

2025 жылға қарай отандық әуе компанияларда 145 жеке ұшақ болады

27.11.2023
1 мин
0
337
Фото: kolikpress

Қостанайда облыс орталығының әуежайынқайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі туралы мәселе көтерілуде. 

Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Облыс тұрғындарымен кездесуге 70-ке жуық жергілікті кәсіпкер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері келді. Өңір тұрғындары облыстың көлік инфрақұрылымының нашарлап кетуіне қатысты мәселелерді көтерді. Автожолдардың сапасы, елді мекендер ішінде және қала арасындағы автобус қатынасы мен теміржол көлігіндегі сервистің төмен деңгейі де талқыланды.

Бұдан басқа, облыс тұрғындары ведомство басшысынан Қостанай әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі жөнінде сұрады. Өйткені билеттің қолжетімсіздігіне байланысты авиакөлік өңірде аса сұранысқа ие емес.

«Әуе қатынасына қатысты сұрақтар қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат, ол рас. Қазірі таңда жаңа лоукостермен халықаралық компанияның отандықнарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болса, сәйкесінше билет құныда төмендейді. Сонымен қатар азаматтардың әл-ауқаты да өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға деген сұраныстың жыл ішінде 27 пайызға өсуімен түсіндіріледі. Аталған сұранысты қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып аламыз, содан кейін Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандық жолаушылар авиакомпанияларының 145 жеке борты болады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жаңа авиамаршруттарды іске қосу жоспарымызда бар», – деді Марат Қарабаев.

Министрдің жеке қабылдауына автобус пен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және Яндекс такси мен Индрайвер агрегаторларының қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар жазылды. Азаматтардың арқалап келген өтініштерін мұқият тыңдаған соң министр аталған мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар қажет екендігін тілге тиек етіп, келесі аптада тасымалдаушылардың мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы бір кездесу ұйымдастырылатынын айтты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл