Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы инфляция 6,7% болады
Жаңалықтар

2025 жылы инфляция 6,7% болады

07.10.2024
1 мин
0
324
Сурет: stat.gov.kz

Сарапшылардың болжамы: 2024 жылы инфляция – 8,4%, 2025 жылы 6,7% болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді. 

Қыркүйекте мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары барлық болжамды кезеңде төмендеу жағына қарай қайта қарастырылды. Осылайша, Brent маркалы мұнай бағасы бойынша респонденттердің 2024 жылға күтулері орташа жылдық есеппен барреліне – 83,5-тен 80 АҚШ долларына дейін, 2025-2026 жылдарға – 80-нен 75 АҚШ долларына дейін төмендеді.

2024 және 2025 жылдарға арналған Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар 4% және 5% деңгейінде сақталды, ал 2026 жылға болжам 4,4%-дан 4,5%-ға дейін біршама өсті.

Респонденттер 2024 жылға арналған инфляцияға қатысты болжамдарын 8%-дан 8,4%-ға дейін көтерді, ал 2025 жылға 6,9%-дан 6,7%-ға дейін төмендетті. 2026 жылы инфляция бұрынғыдай 6% деңгейінде күтілуде.

Сарапшылар жоғары базалық мөлшерлеме бұрын күтілгеннен сәл ұзағырақ сақталады деп күтеді. Осылайша, 2024 жылға күтулер жылдық орташа 14,5%-дан 14,6%-ға дейін, 2025 жылға – 11,9%-дан 12%-ға дейін, 2026 жылға – 10%-дан 10,1%-ға дейін өсті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл