Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шілде айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді алуға 2,4 миллион адам өтініш берген болатын. Карантиннің тағы екі аптаға ұзаруы себепті ең төменгі жалақының жартысын құрайтын 21 250 теңге қосымша төлем 799,6 мың адамға тағайындалды.
Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жақында азаматтардың шоттарына түсетін болады. Шілде айында бір реттік төлем алғандарға қосымша төлем автоматты түрде түсетіндіктен, өтінішті қайта берудің қажеті жоқ.
Айта кету керек, 4 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, төлем 2 миллион 158 мың адамға тағайындалды. Ал ақшалай қаражат 2 миллион 142 мың қазақстандыққа аударылған.