Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидрометтің дерегінше, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Шығыс пен оңтүстік-шығыста нөсер жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Республиканың көптеген өңірінде толассыз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс пен оңтүстікте жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Таулы аймақтарда түнде жаңбырдың қарға ұласуы мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы елдің басым бөлігінде +20…+28 °C, шығыста +15…+25 °Cшамасында болады.
• Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11 °C, күндіз +23…+25 °C.
• Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12 °C, күндіз +18…+20 °C.
• Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12 °C, күндіз +27…+29 °C.