Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
240 млрд теңге: үкімет жер қойнауын кең көлемде зерттеуге кірісті
Үкімет

240 млрд теңге: үкімет жер қойнауын кең көлемде зерттеуге кірісті

14.01.2026
мин
0
143

Үкімет жер қойнауын зерттеу бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске қосты. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, геологиялық барлау жобаларына шамамен 500 млн доллар бағытталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алдағы үш жыл ішінде 20 жоба жүзеге асырылып, жалпы аумағы 100 мың шаршы шақырымды құрайтын жерлер зерттелмек. Оның ішінде жыл сайын қосымша 30 мың шаршы шақырым аумақ қамтылады. Сонымен қатар геологиялық карталау масштабы кеңейтіліп, бұрынғы кеңестік 1:200 000 стандарттан қазіргі заманға сай 1:50 000 деңгейіне дейін жетеді.

Бағдарлама аясында Жерді қашықтан зондтау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, сондай-ақ далалық барлау жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер металдары, барит және боксит кен орындарын анықтауға әлеуеті жоғары аумақтарға басымдық беріледі.

Сонымен қатар мұнай-газ саласына қатысты аз зерттелген өңірлерде — Солтүстік Торғай, Шу–Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмобарлау жұмыстары жоспарланған. Зертханалық базаны жаңарту және геодеректерді цифрлық өңдеу де бағдарламаның маңызды бөлігі болмақ.

Бұл бастама Еуропалық одақ, Канада, Австралия және Қытай елдерінде қолданылатын халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Нәтижесінде Қазақстанның табиғи ресурстарының инвестициялық тартымдылығы артып, жаңа кен орындарын игеруге жол ашылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл