Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" мәліметінше, бейсенбі күні Қазақстанның көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шығыс пен оңтүстік-шығыста ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13 °C, күндіз +26…+28 °C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11 °C, күндіз +23…+25 °C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +13…+15 °C, күндіз +27…+29 °C.
Сонымен қатар Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Кей аймақтарда шаңды дауыл, бұршақ, тұман және екпінді жел соғады. Ақтөбеде ауа температурасы +12 °C-қа дейін төмендейді, ал Шығыс Қазақстанда түнде -1 °C-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Жамбыл мен Қостанай облыстарында найзағай мен бұршақ болжануда.
Қызылорда, Жетісу, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.