| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астананың Талапкер ауылында ат жарысы кезінде 3 жасар бүлдіршін жылқының тұяғының астында қалып, ауыр жарақат алды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға Астана қаласына қарасты Талапкер ауылында болған. 3 жасар бала 8 жасар әпкесімен үйінің маңында ойнап жүрген сәтте ат жарысы өтіп жатқан аумаққа кіріп кеткен.
Сол кезде жарысқа қатысқан жылқылардың арасында қалып қойған бүлдіршінді аттардың бірі басып өткен. Куәгерлердің айтуынша, сол маңда 20 жастағы жігіттер арасында бәйге ұйымдастырылған.
Ауыр жарақат алған бала жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған ішкі ағзаларының зақымдануы, бас жарақаты және қолының сынуы диагнозын қойған.
Баланың анасы оқиғаға қатысы бар тұлғаларды қатаң жауапқа тартуды талап етуде. Оның айтуынша, баланың ішкі мүшелеріне ауыр зақым келген.
Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.