Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
400 адам баспаналы болды: “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан түскен қаржы қайда жұмсалды?
Жаңалықтар

400 адам баспаналы болды: “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан түскен қаржы қайда жұмсалды?

15.05.2025
1 мин
0
112
Сурет: vlast.kz

“Ұлттық қор – балаларға” жобасының аясында 400-ге жуық азамат баспана сатып алды. Сонымен қатар, жиналған қаражатты бастапқы жарна ретінде пайдаланып, үйлі болғандардың саны 450-ге жетіп отыр. “Астана” арнасының хабарлауынша, 40 мыңнан астам азамат Ұлттық қордан түскен қаражатты оқу ақысына жұмсаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2023 жылы бастау алған жоба арқылы 97 615 жасөспірім өз қажеттілігіне 11 миллион доллардан астам қаржы пайдаланған. Оның ішінде 56 мыңға жуық адам жалпы сомасы 6,7 миллион долларды тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсаған. Ал 55 мыңға жуық өтініш иесі тұрғын үй жинақ шоттарын толықтыруға ниет білдірген.

Ұлттық қор қаржысын бастапқы жарна ретінде пайдаланғандар да аз емес – 442 адам бұл мақсатқа шамамен 49 мың доллар бағыттаған. Жалпы алғанда, үй сатып алуға жұмсалған сома 38,5 мың долларды құрады. Білім алуға арналған 40 678 өтініш мақұлданып, бөлінген қаржы көлемі 4,79 миллион доллардан асты.

Нақты деректер:

  • Жалпы мақұлданған өтініштер саны – 97 615, бөлінген қаражат – 11,49 млн доллар
  • Тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 56 937 өтініш
  • Жинақ шоттарын толықтыруға – 6,55 млн доллар
  • Бастапқы жарна ретінде – 49,94 мың доллар
  • Үй сатып алуға – 38,57 мың доллар
  • Оқу ақысына – 40 678 өтініш, бөлінген сома – 4,79 млн доллар.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл