Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
27 тамыз күнгі есеп бойынша елімізде әлеуметтік төлемді 2 млн 390,9 мың жұмысынан айырылған азамат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша барлығы 2 млн 599 мыңнан астам өтініш қабылданды. Нәтижесінде 2 млн 390,9 мың азамат 42 500 теңге, оның ішінде 2 млн 384,2 мың адам ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысын, яғни 21 250 теңге алған.
2 млн 599 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
– 834,5 мың адам автоматты түрде SMS хабарлама арқылы келісім берген;
– 685,4 мың адам Egov.kz және telegram арқылы;
– 413 мың адам 42500.enbek.kz сайты арқылы;
– 665,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,5 мың адам штабтар арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 268,9 мың жұмыс берушілерден қабылданған өтініштер;
– 1 млн 496 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 393,4 мың адамға тағайындалды. Қаражат 2 млн 390,9 мың азаматтың жеке шотына аударылды.