Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес облыстағы 215 елді мекенде интернет қолжетімді. Ал 93 ауылда желі жоқ екенін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің сөзіне сенсек, аймақ басшысы Нұрлан Телманұлы Ұранхаевпен жүздесіп, Абай облысы елді мекендерінде кең жолақты интернетке қосудың Жол картасын қабылдадаған.
«Осы Жол картасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетке кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз. Интернетпен қамтамасыз ету әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе болып табылады.
Бүгінгі таңда облыста 331 елді мекен, оның ішінде 4 қала орналасқан. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елді мекен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, 28% немесе 93 ауылда желі жоқ», – деді Министр.
фото: aikyn.kz