Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында 7 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған ұйымның қызметі тоқтатылды
Жаңалықтар

Абай облысында 7 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған ұйымның қызметі тоқтатылды

24.11.2025
мин
0
183
Сурет: ҚМА

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті ELL QUATY қаржы пирамидасын әшкереледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтарды HALYK QUATY кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен көліктерді пайызсыз, бөліп төлеп алуға болады деп сендіріп, мүлік жарнасын енгізуді ұсынған.

- halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халық кооперативі" деген жалған бейне қалыптастырған. HALYK тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы ELL QUATY болып өзгертілген. Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі акциялар өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа тіккен, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына QAZ INFO MARKET ЖШС тіркеп, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарып алып отырған.

Пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл