Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеп, аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, олар 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін Семей қаласында рұқсатсыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Құрылыс материалдары зауыттарына құмды жеткізу кезінде олар жалған сәйкестік сертификаттарын қолданып, жеке кәсіпкерлер арқылы өткізіп отырған.
- Сатылған құмнан алынған қылмыстық кіріс 150 миллион теңгеден асып түсті. Күдіктілер бұл қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға бағыттап, қосымша 6,2 миллион теңге табыс тапқан, – делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 181 миллион теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.