Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абайлаңыз, алаяқтар: полиция сақтық шараларын еске салады
Жаңалықтар

Абайлаңыз, алаяқтар: полиция сақтық шараларын еске салады

07.06.2023
3 мин
1
827

Интернет кеңістіктің дамуымен киберқылмыс та қарқын алып жатыр. Алаяқтар ақпараттық технологияларды қолдана отырып, азаматтарды түрлі тәсілдермен алдауға тырысып жатқандары мәлім. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі сақтық шараларын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін не істеу керек? Полиция сақтық шараларын еске салады.

  • Банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие рәсімдеу, мүлікті сату немесе ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, қандай да бір бағдарламалар орнату туралы “телефон” нұсқауларына ермеңіз. Банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді.
  • Өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері деп таныстырған бөгде адамдар қоңырау шалған кезде тұтқаны қойып, сізге қызмет көрсететін банктің сенім телефонына немесе полицияға қоңырау шалу қажет.
  • Өзіңіз туралы жеке мәліметті, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз.
  • Белгісіз және тексерілмеген сайттарға сенбеген абзал. Тексерусіз алдын ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз.
  • Күмәнді келісімдер бойынша ақша аударымдарын жасамаңыз.
  • Қосымшаларды орнату үшін App Store және Play Market сынды ресми бағдарламаларды пайдаланыңыз.
  • Банк қосымшаларына кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғанысты және басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.
  • Шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.

Фото: ult.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ә
Әлия Рыскелдь. 07.06.2023
Мағанда звандаған алаяктар сразу ошргеммьн
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл