Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Алғашқы кәсібімді 100 теңгемен аштым»
Менің кәсібім

«Алғашқы кәсібімді 100 теңгемен аштым»

17.07.2020
1 мин
66
14871

Ұлттық брендке айналып, Қазақстанды әлемге танытатын дүниелер қатары жыл сайын артып келеді. Осындай отандық брендті дамытып жүрген жандардың бірі - Рүстем Ермекбай. Sabyrzhan Ayrin отандық халықтық киім брендінің, Ayrin Group холдингінің негізін қалаушы.

- Рүстем мырза, біздің мақсатымыз отандық брендтерді дамытып, еліміздің экономикасының нығаюына үлес қосып жүрген өзіңіздей жастарды жұртшылыққа үлгі ету. Сіз бизнес саласына қалай келдіңіз?

Өз уақытымен университет тамамдап, отбасылы болдық. Еліміздің танымал компаниясында жұмыс істеп жүрдім. Компанияның бас директорының жасы 57-де, ал мен 22 жаста едім. Жалақымызды салыстырғанда ол менен 12 есе көп ақша алатын. Дәл сол сәт мен үшін үлкен соққы болды. Мәселе тек қана ақшада емес. Мен өзімнің табысымды 12 есе арттыру үшін 35 жыл өмірімді жұмыс істеумен өткізуім керегін түсіндім. Дәл осы сәтте мен жеке бизнес ашу туралы ойлана бастадым. Жұмыстан шығып, 1 апта еліміздегі бизнес саласына анализ жасадым. Әйелім де, өзім де ағылшын тілін жақсы білгендіктен, дәл осы бизнес түрін таңдадық. Алғаш Алматыға келгенде ағылшын тілін мүлде білмедім. Студент кезде жатақханада ағылшын тілін 3 айда жетік менгеру методикасын ойлап таптым. Сол ерекше методиканы ағылшын тілін үйрету курсына қолдандық. Алғашқы кәсібімді 100 теңгемен аштым. 100 теңгемен ашылған бұл дайын бизнесті 7 айдан соң 33 мың долларға саттым.

2014 жылы шаңырағымызда қыз бала дүниеге келетінін біліп, әдемі есім іздедік. Себебі бұл да біз үшін ерекше дем, жаңа бастама еді. Бұл есім біздің жаңа бизнестің брендіне айналатынын түсіндік. Есімін – Айрин деп қойдық. Болашақта бизнес ашсақ, дәл осы атты пайдаланып, қызымыздың есімі бізге күш-жігер беретінін білдік.

Ағылшын тілін үйрететін бизнесті сатқаннан кейін ақшаның біраз бөлігі қажеттіліктерге кетті. Нәтижесінде, 6 ай жұмыс болмады. Сол уақытта күн сайын далада тұрған дөнер орталықтары, асхана-кафелерді көріп, қызмет түрі, күн сайынғы пайда-шығынын, ақша айналымын сырттай зерттей бастадым. Бір күні көзім киім дүкеніне түсті. Ішінде адам саны көп, ұзақ кезек. Ал дүкен сыртында тек қана «Распродажа» деген жазу бар. Біраз уақыттан кейін жолдың ар жағынан тағы осындай дүкен көрдім. Сол сәтте мына бизнесті брендке айналдырып, өзіндік стиль қалыптастырып, ерекшелендіріп шығарса болады екен деген ой келді. Мен бірден дүкен басшысына кіріп, өз ұсынысымды жасадым. Өз ақшамнан дүкенге атау беріп, маркетингін қолға алып, еліміздің басқа қалаларынан дүкендер желісін ашатын серіктестер табатынымды айттым. Екеуіміз бірден келісіп, қалтамдағы 35 мың теңгеге баннер жасатып, сатушы қыз-жігіттерге арнайы киім тіктірдім. Ал шын мәнінде бұл салада менің тәжірибем жоқ еді. Сайттарға франшиза жайлы хабарландыру жариялап, бірінші 50 пайыз ақшасын төлеп, өзімнің алғашқы дүкенімді аштым. Sabyrzhan Ayrin дүкенінің ашылу тарихы осындай еді.

Бұл холдингте бес компания бар. Sabyrzhan Ayrin брендінің негізі 2015 жылы қаланды. Түсінгендеріңіздей, кәсібім – отандық киім өндірісі. Біз онлайн жұмыс істейміз. Бүкіл Қазақстан бойынша жеткіземіз. Бүгінгі таңда Sabyrzhan Ayrin бренді осы саланың көшбасшысы атанып отыр. 

- Бүгінгі таңда командаңызда қанша қызметкер бар?

Компанияда тұрақты жұмыс істейтін 7 адам бар. Басты мақсатымыз үлкен компанияны сапалы жұмыс істейтін аз адаммен басқару. Біздің 1 200 серіктесіміз бар. Оларға тауарды өз бағасына береміз. Себебі бізге киімдерді жеке сатқаннан көтерме саудамен айналысқан тиімді. Мысалы серіктестер киімді бізден 5 000 теңгеге алатын болса, көтерме саудамен 10 000-ға сатады. Дәл осы бизнес моделін қабылдау себебім халықтың кәсіпкерлікке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Менің өмірлік миссиям да дәл осы кәсіпкерлікке енді қадам басқан жандарға демеу болу. Бизнестің осы түрін таңдау арқылы қаншама жан кәсіппен айналысып, табысын тауып отыр. Ал кәсіпкерлікті таңдаған жан үнемі даму үстінде болып, дұрыс бағытты таңдайды. Арнайы серіктестерге оларды жігерлендіру мақсатында тренингтер, тегін сабақтар өткізіп отырамыз. Ел көрсін, тәжірибе алмассын деген ниетпен 60 серіктесті осы жылы бірнеше шетелге жібердік. Қарапайым ғана қадам болса да, қаншама жанды бизнеске жұмылдырып жатырмыз. Ал ең бастысы серіктестердің үнемі ізденіс үстінде, даму сатысында болғанын қалаймыз. Өз білімін арттырған жан айналасына да игі жақсыларды жинайды, баласына дұрыс тәрбие береді. Нәтижесінде, еліміздің дамуына септігін тигізеді. 1 адам, 10 адам, 1 000 адам болсын, олардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алсам, менің өмірлік миссиямның орындалғаны деп түсінемін.

- Рүстем мырза, кез келген адам өзінің жанына жақын әрі пайда көзі бола алатын істі іздейді. Кейде ізденісі жеткіліксіз болып, уақытын өткізіп, сан соғып қалып жататыны бар. Сіздің ойыңызша, адам өз ісін табуы үшін не қажет?

Мен үнемі өзіме бір сұрақ қоямын. Мысалы, ақшаң өте көп, өміріңнің аяғына дейін жететіндей мөлшерде делік. Яғни, шетелге шығуға, пәтер, көлік сатып алуға – барлығына жететіні соншалық, ақшаңды тіпті қайда жіберуді білмейсің. Бірінші сұрақ: Осындай ақшаң көп кезде немен айналысатын едің? Екінші сұрақ: Сен таңдаған салаға заңды түрде шектеу қоятын болса, ол заңды бұзуға дейін барып, ұнатқан салаңда істейтіндей дәрежеде болар ма едің? Егер солай болса, ол сенің салаң, сенің ісің. Мен өзіме керекті солай анықтаймын.

- Елімізде әлі де дамытуды қажет ететін қандай кәсіпті атар едіңіз?

Менің ойымша, digital маркетинг, жалпы диджитализацияны дамыту қажет. Кеңес үкіметінен, 2000 жылдардан қалған бүкіл оффлайн бизнесті онлайн форматқа ауыстыруға болады. Барлық кәсіп түрі онлайн қызмет көрсете алады. Нарық ашық, яғни дамытуға болады. Бастысы, стандартқа сай  емес форматта тиімді әрі тез жұмыс жасай алатын кәсіпкерлер керек. Адамдарға пайдасын алып келе алатын көптеген кәсіп түрлері бар. Барлығын икемдеп, адамның жұмыс істеу уақытын үнемдейтін, бағасы әлдеқайда арзандау, бірақ сапасы жақсы өнім ұсына білу керек. Қарапайым ғана мысал, адам әр жаққа барып тамаққа тапсырыс береді немесе алады. Оның орнына бұл істі толық онлайн түрде жасауға болады. Оффлайн жұмыс қажет емес. Тамақты тек жеткізу қызметі арқылы алуға болады. Мысалы, Glovo жеткізу қызметі бар, ал дәл қазіргі елімізде болып жатқан жағдай көптеген ас дайындайтын мекемелерді онлайн жұмыс істеуге үйретті. Менің айтқым келгені, жеткізумен жұмыс жасауда көп шығын болмайды. Бір нүктемен бүкіл қала бойынша жұмыс жасай беруге болады. Ал егер ресторан ашу керек болса, оған өте көп шығын шығады. Сондай-ақ көп жағдайда ресторанға жақын жердегі адамдар ғана келе алады. Орын саны да шектеулі болып жатады. Біздің елімізде кез келген саланы алып, бәсекелестікті зерттеп, соның мықты, адамдарға тиімді, пайдалы тұсын дамытуға болады.

- Пайдалы ақпаратыңызға алғыс айтамыз. Ісіңіз өрге бассын. Жетістікке жетіп, тек биіктерден көріне беріңіз.

Cұхбаттасқан: Назерке БАЙЖАН

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
66 Пікір
Б
Бактыгул 13.01.2021
Каржы салмай тагы кандай бизнес ашуга болады
Жауап беру
А
Айбол 25.11.2020
Сіздің оқиғаңыздан өзіме көп нәрсе алдым. Бастайтын бизнесіме нық қадам жасай аламын деп сенемін. Сәттілік бәрлеріңізге!!!
Жауап беру
А
Айбол 25.11.2020
Адамның өзінде ерік- жігері, ниеті болса кішкентай нәрседенде үлкен дүние шығаруға болады. Сондықтанда а
Жауап беру
У
Улжан 19.11.2020
Калай акша табуга болады
Жауап беру
Д
Дарига 19.11.2020
Қалай кәсіп ашуға болады
Жауап беру
Д
Дарига 19.11.2020
Қалай кәсіп ашуға болады
Жауап беру
А
Айна 09.11.2020
Ағылшын тілін үш айда қалай үйренуге болады! Ісіңіз алға бассын!
Жауап беру
Ө
Өмірхан мәриям 06.11.2020
керемет
Жауап беру
Б
Бибигул 31.10.2020
Пікірім
Жауап беру
Б
Бактыбай 09.10.2020
87472340210 ватсап аркылы койле сейк
Жауап беру
П
Перизат 08.10.2020
ия өте жаксы мумкиндик касип ашкысы келетин адамдарга колайлы екен.
Жауап беру
Г
Гулмира 06.09.2020
Иа бізде ауылдан қалаға келдік қалада мүкіншіліктер көп уйқыдан ойянған адам сыйяқты жүрмі
Жауап беру
Г
Гулмира 06.09.2020
Иа бізде ауылдан қалаға келдік қалада мүкіншіліктер көп уйқыдан ойянған адам сыйяқты жүрмі
Жауап беру
С
Смайлова Макпал 06.08.2020
Керемет. Саттилик он болсын. Сериктестигимиз ныгая берсин
Жауап беру
Д
Дария 05.08.2020
Алла жар болсын,ісіміз кәсібіміз оңынае болып сәттілік бәріңізге,қорықпай бастай беріңдер ,тек қана Алға
Жауап беру
Г
Гүлназ 05.08.2020
Мен сіздермен серіктес болып Каспий банк арқылы жұмыс жасағым келеді
Жауап беру
С
Сауле 05.08.2020
Менде серіктес болып жұмыс жасағым келеді. Өте керемет пайдалы ақпарат отанымыз баю керек, халқымыз дамып өсу керек және әр қазақ бай болу керек Иншалла
Жауап беру
С
Сауле 05.08.2020
Өте керемет пайдалы ақпарат отанымыз баю керек, халқымыз дамып өсу керек және әр қазақ бай болу керек Иншалла
Жауап беру
Ф
Фариза 26.07.2020
Менде серіктес Болып касиппен айналыскым келеді
Жауап беру
М
Манат 24.07.2020
Тігіншімін 3-айлық балам бар қазіргі жағдайға байланысты маған жұмыс ұсынсаңыз жақсы болар еді шымкенттен
Жауап беру
Г
Гульнур 23.07.2020
Мотивация керемет ауызбен айту онай арине ар істің өз қиындығы болады!! Біреуге жұғымды болып кетсе көбінде олай емес
Жауап беру
Г
Гул 20.07.2020
Маган алдын ала 10 000 тг салдырып.жок боп кеткен.калганын салатын кезде таппай калгпнмын
Жауап беру
Ж
Жанагул 23.07.2020
Рас айтасызба
Жауап беру
А
Айнур 20.07.2020
Тамаша мотивация косметика саласындамын бағытым дұрыс
Жауап беру
Г
Гулден 20.07.2020
Серіктес болғым келеді
Жауап беру
Л
Лаура 20.07.2020
Мен бұл компанияның алғаш франшизасы сатылымға шыққан кезде ойланбастан бірден серіктес болдым. Биыл екінші жыл еш өкінбеймін. Пайдасын көріп, табысымды арттырудамын
Жауап беру
М
Мои мнение 19.07.2020
100 енгемен бизнес бастадым дегени отирик енди. Рекламага 35000,магазиннин 50% толеген.Жалпы жол силтеуи жаксы. Копшилик жастарга керемет кенес
Жауап беру
19.07.2020
100 тг дегені ағылшын курсын аштым деді ғой, может курсты сол кезде 100 тг окыткан шығар, сол курсты 33 мың долларға саткан
Жауап беру
А
Айтгуль 19.07.2020
Калай калыптастыруга болады оз кәсибиизди
Жауап беру
R
Rysbai Aigerim 94 18.07.2020
Ia optum tovar ala alamyz ba? katalog bar ma ...bolsa kerek bola ma?
Жауап беру
R
Rysbai Aigerim 94 18.07.2020
Ia optum tovar ala alamyz ba? katalog bar ma ...bolsa kerek bola ma?
Жауап беру
М
Меруерт 18.07.2020
Қалайша мен шокпын
Жауап беру
Ж
Жанерке 18.07.2020
Канша тенгеге алуга болады оптом. Алматыда бар ма? Каталог коруге бола ма?
Жауап беру
Е
Ерке 18.07.2020
Сабыржан Айрин киімдерін жарнамалаған көптеген блогерлердң көрдім, саяхатқа шыққандарында. Істеріңіз алға бассын, мендегі бір сұрақ серіктес болу үшін не қажет?
Жауап беру
З
Зухра 18.07.2020
Маш Аллаh менде саўда мен айналыскым келеди кырсыкканда Ред те жабылып калды сертификатты алып едим ин ша Аллаh
Жауап беру
М
Мухаммед 18.07.2020
Өт керемет
Жауап беру
Н
Насиба 18.07.2020
Халыққа керемет мүмкіндік жасап отырсыздар керемет дами беріңіздер!)
Жауап беру
А
Аббас 18.07.2020
Сіздей халыққа пайдасы тиетін кәсіпкерлер көбейе берсін. Алға тек алға тоқтамаңыз.
Жауап беру
Ж
Жанниет 18.07.2020
Sabyrzhanayrin тауарларының сапасына сөз жоқ.
Жауап беру
Г
Гулзира 18.07.2020
Ұлттық бредті қолдап табысты болайын!
Жауап беру
А
Алия 18.07.2020
Сонда бренді болғанда Қазакстанда өздері тігеді ме? Сосын ағылшын тілін 3 айда уйренип шығатын методикасын айтса екен. Мен еки жылдан бері меңгере алмай келемін((
Жауап беру
Ф
Фариза 18.07.2020
Рустем мырза оте керемет. Алга калай рмк бериниз. Менде оз касибимди бастап, омирим омиримди 100% озгертким келеди.
Жауап беру
А
Арынкызы 18.07.2020
Тамаша! Ісіңіз алга бассын! Мен де осындай бир жумыс козин тапкым келеди
Жауап беру
Е
Еркинай. 18.07.2020
мен бизнес жасап карагам тук шыкпады акшам куйди шыгнга баттымбагт корсетесзбе кателигм неде
Жауап беру
Б
Бекболат 17.07.2020
Сізбен серіктес болсақ және қанша қаржымен бастай аламыз
Жауап беру
Б
Бақытжан 17.07.2020
Сізбен серіктес болвп
Жауап беру
Д
Джони 17.07.2020
50мыңды кімдер алп жатр. Қаидан білуге болат ақпаоатты
Жауап беру
А
Акнур 17.07.2020
Мен бастауга коркып журмин
Жауап беру
Л
Ләззат 17.07.2020
Менің де өз кәсібімді бастағым келеді қандай кеңес берер едіңіз
Жауап беру
Л
Ләззат 17.07.2020
Менің де өз кәсібімді бастағым келеді қандай кеңес берер едіңіз
Жауап беру
А
Аяжан 17.07.2020
Серіктес болып тіркеліп,алғашқы тапсырысымда келді,әрі қарай дамитыныма сенімдімін.
Жауап беру
М
Мөлдір 17.07.2020
Мен кәсіп бастағым келеді, бірақ қорқыныш сезім басымдау ары қарай алып кете аламын ба деген
Жауап беру
г
гуля 17.07.2020
сонда ол 100тгге не сатып алдым деді
Жауап беру
А
Алтынай 17.07.2020
Мен касип бастагым келедм
Жауап беру
Д
Дина 17.07.2020
Менің де кәсіп ашып, ұлдарымды жаксы дәрежеде өсіргім келед
Жауап беру
Г
Гүлжан 17.07.2020
Керемет. Мен де кәсіп бастағым келеді
Жауап беру
Е
Есентай 19.07.2020
Керемет менде касіпты бастагым келеді қалай бастауга болады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл