Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда есірткі таратқан тағы 16 Telegram-канал бұғатталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Прокуратура бұл каналдардың қатысушыларына тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігінен бөлек, "қойып кетуші" ретінде жұмыс істеуді ұсынғанын хабарлады.
Қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту үшін Қылмыстық кодекстің 299-1 бабының 1-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, әрі қарай тергеу үшін полицияға берілді.