Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жұмыс істеген «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша аумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметіне тоқтау салды.
«Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды», – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу қаржылық пирамиданы, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша жүргізілуде.
Осыған байланысты агенттік қазақстандықтарды сақ болуға және ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.