Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы әкімдігі өкілдері қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда жылыту маусымы жыл сайын гидрометеорологиялық қызмет бес күн ішінде тіркеген орташа тәуліктік температура +8 градустан жоғары болғаннан кейін аяқталады.
Тұтынушыларды жылудан ажырату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
- балалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер.
- Нақты күні БАҚ-та қосымша жарияланады, - деп толықтырды әкімдік өкілдері.