455.4
526.99
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматылық фармацевт әсері күшті дәрілерді заңсыз айналымға шығарған
Жаңалықтар

Алматылық фармацевт әсері күшті дәрілерді заңсыз айналымға шығарған

02.09.2026
мин
0
126
Сурет: BAQ.kz

Ақтөбе облысында әсері күшті дәрілерді заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, топ дәрілерді жеткізу, бөлу және жасырын орындарға орналастыру жұмыстарын өзара бөліп алған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақтөбе облысында әсері күшті дәрілердің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды. Күдіктілердің әрекеті полиция жүргізген жедел-тергеу шаралары кезінде әшкереленген.

ІІМ мәліметінше, заңсыз схеманың Алматыда жұмыс істейтін фармацевтпен байланысы болған. Дәріхана қызметкері өзінің жұмыс мүмкіндіктерін пайдаланып, әсері күшті препараттардың ірі көлемін Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырған.

- Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт өзінің заңды қызметінің мүмкіндіктерін пайдаланып, Ақтөбе облысына әсері күшті дәрілердің ірі партияларын жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды, – деп мәлімдеді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әубәкіров.

Алайда құқық қорғау органдарының анықтауынша, дәрілерді заңсыз өткізуге бір адамның ғана қатысы болмаған. Топ ішінде нақты міндеттер бөлінген: бір адам ұйымдастыру жұмыстарын атқарса, екіншісі оператор ретінде әрекет еткен. Тағы бірнеше күдікті препараттарды бөліп, қаптап, кейін оларды жасырын орындарға қалдырумен айналысқан.

Полиция арнайы операция кезінде топтың барлық мүшесін ұстағанын хабарлады. Сонымен бірге заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді.

Бұл істің тағы бір ерекшелігі — дәрілерді заңсыз айналымға шығару үшін заңды фармацевтикалық қызметтің мүмкіндіктері пайдаланылғаны. Яғни препараттар бастапқыда дәріхана арқылы заңды түрде айналымда болғанымен, кейін олардың бір бөлігі заңсыз бағытқа шығарылған деген күдік бар.

ІІМ әсері күшті дәрілердің заңсыз айналымына қатысты жауапкершіліктің күшейгенін де еске салды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

- Әсері күшті дәрілердің заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Данияр Әубәкіров.

Қазір күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жалғасып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл