Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Алтын тұғыр-2023»: Ұлттық спорттың үздіктері марапатталды
Жаңалықтар

«Алтын тұғыр-2023»: Ұлттық спорттың үздіктері марапатталды

22.12.2023
1 мин
0
1352
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» жүлдесінің он жылдық мерейтойы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиынға Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақтарынан спорт федерацияларының басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері де жиналды.

Диас Ахметов - «Дәстүрлі садақ ату» бойынша жеңімпаз Бас жаттықтырушы:

«Дәстүрлі садақ ату спорты – бұл біздің қанымызда бар дүние. Бабаларымыздың төл өнері. Бүгінде ауқымды чемпионаттар ұйымдастырылып, өзінің үлкен спорт екенін дәлелдеп жатыр. Қазіргі таңда бұл спортқа қызығатын қарагөз қыздарымыз да көбейіп келеді. Әрине, бұл қуанарлық жағдай».

Салтанатты жиын ерекше форматта өтті. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бұрыштар ұйымдастырылып, қатысушылар «көк кілем» үстімен жүріп өтті. Сондай-ақ, ұлттық спортты қолдау үшін көпшілікке танымал тұлғалар да төбе көрсетті.

Altyn Qyran» қорының Бас директоры Ринат Кертаев:

«Бүгінгі шара тек спорттық шара, үздіктерді марапаттайтын жиын ғана емес, бұл ұлттық спорттың, ұлттың рухы, болмысы, тарихы мен дәстүрі ретінде қазақстандық қоғам мүшелерінің басын қосып күллі ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіретін үлкен идеялық жоба».

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов жүлде иегерлерін құттықтап, ел тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келе жатқанын айтты.

«2024 жылы біз барша қазақстандықтарды салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметпен бірге ұлттық спорт түрлерімен белсенді айналысуға шақырамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спорттың жүйелі дамуын қолдайды. Президент бастамасымен келесі жылы Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осындай шаралардың арқасында елімізде ұлттық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді. Біздің қауымдастық өз тарапымыздан ұлттық спорт түрлерін дамытып, кеңінен насихаттауды жалғастыра береді», - деп атап өтті Исламбек Салжанов.

2023 жылы он номинация бойынша «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері анықталды:

«Тоғызқұмалақ» номинациясы бойынша — Жанат Каймульдин;

«Бәйге» номинациясы бойынша — Бекзат Ділдахан мен Еділ Таймерденов;

«Құсбегі» номинациясы бойынша — Кунтуған Арманбек;

«Көкпар» номинациясы бойынша — «Әулие ата» командасы;

«Аударыспақ» номинациясы бойынша — Сайлау Мұхаметжанов;

«Жамбы ату» номинациясы бойынша — Бексауыт Батыр;

«Теңге ілу» номинациясы бойынша — Бекнұр Серіков;

 «Дәстүрлі садақ ату» номинациясы бойынша — Аяулым Аппазова;

«Асық ату» номинациясы бойынша — Палодар облыстық құрамасы;

 «JORYQ» номинациясы бойынша — Жетісу облысы командасы;

Сондай-ақ салтанатты марапаттау кеші барысында ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушыларға марапаттар берілді. Олар:

«Тоғызқұмалақ» бойынша Аға жаттықтырушы — Арыстан Қапаев;

«Бәйге» жаттықтырушысы — Мұрат Досбергенов;

«Құсбегі» бойынша Аға жаттықтырушы —Жомарт Кеуенов. 

«Көкпар» бойынша Аға жаттықтырушы —Есжан Құрманбай;

 «Аударыспақ» бойынша Бас жаттықтырушы —Жанбатыр Бекмұсаев;

 «Жамбы ату» бойынша Аға жаттықтырушы — Ербұлан Бекбосынов;

«Теңге ілу» бойынша Аға жаттықтырушы — Ақтілек Сәрсенов;

 «Дәстүрлі садақ ату» бойынша Бас жаттықтырушы —Диас Ахметов;

 «Асық ату» бойынша бас тренер— Қуан Қалибек.

Сонымен қатар, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай ұлттық спорт түрлерін дамытуға ақпараттық қолдау көрсетіп, «Мергендер мекені» тележобасын жүзеге асырғаны үшін «Алтын тұғыр» сыйлығының лауреаты атанды.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді, оның ішінде «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Құсбегі», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Дәстүрлі садақ ату», «Асық ату» және «JORYQ ат спорты» федерациялары бар.

Іс-шараны Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов Қауымдастық Президенті болып тағайындалды. Салтанатты іс-шара «Amanat» партиясы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Іс-шараның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл