Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде күні сағат 02.02-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 14.2. MPV магнитудасы – 5.8. Тереңдігі – 70 км. Эпиошақ координаттары – 42.29° с.е. 49.89° ш.б.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу: Ақтау қаласында 2-3 балл.
Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындары әлеуметтік желіде бұл туралы хабарлады. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, көпқабатты үйлерде тұратын кейбір ақтаулықтар алғашқы дүмпулерден кейін пәтерлерін тастап кеткен.
4 шілде күні сағат 00.01-де Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркеді. Каспий теңізінде қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты тербелесін Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінді.