Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті мамандары GAP деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтады.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдастырушылар өздерін GAP тұтыну кооперативі ретінде танытып, тұрғындарға ақшаларын жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға салуды ұсынған. Ол үшін азаматтар кезекке тұру мақсатында тұрғын үй немесе автокөлік құнының 10% бастапқы жарнасын төлеуі қажет. Осылайша, ұйымдастырушылар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз еткен. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген департамент таратқан мәліметте.
Қаржылық пирамидаға қатысты кез келген деректі Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға хабарлауға болады.