Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстың 200-ден астам кәсіпкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуынсыз ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша (мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін ұсынбау) 45 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
ӘҚБтК-ке сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның қатысуымен қаралады.
Тағы бір мысал, Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 178 кәсіпкер Кодекстің 92-1-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) тарту мерзімі аяқталғаннан кейін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура қабылданған шаралармен 223 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың күші жойлып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
«Ақтөбе қаласы, Хромтау және Мұғалжар аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.