Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскери қызметін өткерген азаматтарға арналған білім беру гранттарына квоталар бекітілді. Бұл туралы ОКҚ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру мақсатында ағымдағы жылы Мемлекет басшысы мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға білім беру секторында және жатақханада орын алу басымдылығына, сондай-ақ кредиттік демалыс ұсыну сияқты жеңілдіктерді заңнамалық түрде бекітті.
Қабылданған заңнамада жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарына квоталар бекітілді.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің кредиттік міндеттемелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін қарыз бойынша сыйақысыз 60 күндік кезең ұсынылады, - деді Фархат Айдарбаев.