Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана халықаралық әуежайында бір жыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Жаңалықтар

Астана халықаралық әуежайында бір жыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

09.01.2024
1 мин
0
1377
Фото: ҚР Көлік минситрлігі

Бүгін ҚР Көлік Вице министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы мен әуеайлақты күрделі жөндеуден өткізу шарасы бойынша алғашқы жиын өтті. Жиынға Қазақстандағы азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР мемлекеттік күзет қызметінің және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, әуежайды басқаруға алған Terminals Holding, Terminals Astana Airport Management LLP басшылығы қатысты.

Қазақстан үкіметінің Астана халықаралық әуежайын  басқаруға алған шетелдік инвесторға қойған бірден-бір маңызды міндеті – әуежайдың ұшу-қону жолағын жақын арада күрделі жөндеуден өткізу болатын. Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы салынғаннан бері ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп келеді. Елорда әуежайының ұшу-қону жолағы соңғы рет былтыр шілде-тамыз айларында күрделі жөндеуден өтті.

«Халық тарапынан да, мемлекет басшысының тарапынан да Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына қатысты әділ сын бар. Сондықтан біз үшін елорда әуежайының әуеайлағын толықтай күрделі жөндеуден өткізу аса маңызды. Әуеайлақ пен ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өткен жағдайда Астана әуежайының транзиттік потенциалы артып, ұшу қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі. Жүк рейстерін көбірек қабылдауға әуежайдың техникалық мүмкіндігі артады», - деді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Абу-Дабиден тікелей бейнеқоңырауға шыққан Terminals Holding компаниясының өкілдері әуеайлақты күрделі жөндеуден өткізуге қарқынды дайындық жүргізіп жатқандарын жеткізді. Инвесторлар қаңтар-ақпан айларында жобалық сметалық құжаттаманы саралап, ақпан айының соңы мен наурыздың басында мердігерді анықтауға ниетті. Алдын ала жоспар бойынша наурыздың ортасына қарай мердігер Астана қаласына барлық ресурсын жұмылдыруы керек. Инвесторлардың жоспары бойынша ауа райы қолайсыздық тудырмаса сәуірдің  басына қарай әуеайлақта күрделі жөндеу басталуы қажет.

Алдын ала жоспар бойынша күрделі жөндеу 12 айға созылады. Алайда күрделі жөндеу кезінде әуежай жұмысын жалғастырады. Ұшу және қонуға күндізгі мезгілде ғана шектеу қойылуы мүмкін. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл