Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада АҚШ-тан пошта арқылы есірткі алдыртқан екі азамат сотталды
Жаңалықтар

Астанада АҚШ-тан пошта арқылы есірткі алдыртқан екі азамат сотталды

25.11.2024
1 мин
0
280
Сурет: лотос-мед.рф

Астанада екі тұрғын АҚШ-тан пошта арқылы есірткі заттарына тапсырыс беріп, оларды таратқаны үшін 8 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті аса ірі мөлшерде есірткі мен психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлар түрінде жеткізу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу барысында салмағы шамамен 1 келі болатын “гашиш” есірткі заты табылып, тәркіленді.

Соталды тергеу кезінде мониторинг “Қазпошта” АҚ-ның қалалық филиалдарының бірінде сол алушыларға арналған тағы бір сәлемдеме келгенін анықтады.

- Сәлемдемеде салмағы 7 грамнан асатын тетрагидроканнабинол және оның изомерлері сияқты күшті психотроптық заттар табылды. Сондай-ақ, айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту барысында есірткі заттары, орауыш материалдары және таразы тәркіленді. Сот үкімі бойынша күдіктілердің екеуі де кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 8 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері есірткі контрабандасы мен заңсыз айналымына қатысты 116 қылмыстық іс тіркеліп, 57,3 келі есірткі, 1,7 келі психотроптық заттар, 206 мың дана улы анаболиктер және 1 680 дана “Тропикамид” көз тамшылары тәркіленген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
172
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл