Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада ұшақтар ұшырылып, бірнеше көше жабылатынына байланысты Мемлекеттік күзет елорда тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
27-28 қараша күндері Астанада ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізу және оған дайындық аясында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасап, бұл шаралардың халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғаның қауіпсіз өткізілуі үшін қажетті екенін атап өтті.
Шаралар барысында ҚР арнаулы мемлекеттік қызметтері, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техникалар қолданылатын болады.
Осыған байланысты астаналықтар мен қала қонақтарынан көшелердегі көлік қозғалысына қойылатын шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарау сұралды.