469.83
536.83
5.97
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылды
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылды

17.07.2026
мин
0
57
Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қызметінен босатылды. Ол өңірді төрт жылдан астам уақыт басқарды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Серік Шәпкенов Атырау облысын 2022 жылдың 7 сәуірінен бері басқарған болатын. Оның қызметтен босатылу себептері ресми хабарламада нақтыланбады.

Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушы болып бастаған ол кейін қаржы, экономика, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік басқару салаларында түрлі қызметтер атқарды. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болды.

Сондай-ақ Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болып тағайындалып, 2021–2022 жылдары осы министрлікті басқарды. Кейін Атырау облысының әкімі қызметіне келген еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл