Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күзгі мектеп жұмысы басталып, "Адал азамат" жас мамандарға арналған адалдық сағаты өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиынға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, "Ой бренд" қоғамдық қорының жоба жетекшісі Нұрасыл Бекматов, жас мамандар, ЖОО студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Адал азамат" идеясы – қоғамның дамуы мен өркендеуіне бағытталған маңызды концепция. Бұл идея адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету сияқты құндылықтарды насихаттайды. Адал азамат – бұл өз елінің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін қадірлейтін, мемлекет алдында азаматтық міндеттерін орындауға дайын адам.
"Адал азамат" жобасы – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан маңызды бастама. Бүгінгі өткізілген адалдық сағаты – бұл тек іс-шара ғана емес, сонымен қатар қоғамымыздың болашағына бағытталған үлкен қадам.
- Жастар – еліміздің негізгі қозғаушы күші, және біз олардың адалдық, жауапкершілік және патриотизм сияқты құндылықтарды бойына сіңіруі үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Адал азамат" идеясы осы тұрғыда маңызды рөл атқарады. Біз адал азаматтар қалыптастыра отырып, елдің дамуына, өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз, - деді "Ой бренд" қоғамдық қорының жоба жетекшісі Нұрасыл Бекматов.
Жоба Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты негізінде "Ой бренд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.