Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауа-райына байланысты Қазақстанда бірқатар әуе компаниялары рейстерін тоқтатты
Жаңалықтар

Ауа-райына байланысты Қазақстанда бірқатар әуе компаниялары рейстерін тоқтатты

24.11.2023
1 мин
0
697
Фото: inbusiness.kz

FlyArystan және AirAstana әуе компаниялары жолаушыларға ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейстің тоқтатылатыны туралы хабарлама жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

FlyArystan ауа райының қолайсыздығына және Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауына байланысты мына рейстерді тоқтатады.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына сұраныс бойынша келесі қызметтер көрсетіледі: сусындар, тамақтану, тұру, трансфер. Барлық жолаушыға тегін қайта брондау мүмкін немесе ақшасы толық қайтарылады", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға FlyArystan қолданбасында және flyarystan.com сайтында тікелей чат арқылы, 8 702 702 02 27 WhatsApp мессенджері және 8 727 331-10-10 байланыс орталығы арқылы қолдау көрсетіледі.

23 қарашада "Эйр Астана" Орал - Франкфурт - Орал және Орал - Астана бағыттары бойынша рейстерді, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейстерді тоқтатты.

Оған да ауа райының қолайсыздығы мен әуежайдың ұшу-қону жолағындағы үйкеліс коэффициентінің нашарлауы себеп болды.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тамақ, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару қамтамасыз етілді. Оралдан Астанаға ұшатындар жатын орынмен, тамақпен және трансфермен қамтамасыз етілді", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Кешігулер туралы ақпарат алу үшін AirAstana +7 7272 44 4478 сенім телефонына хабарласып, әуекомпанияның ресми сайтында рейстердің жай-күйін білуіңізге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл