Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Bek Air әуе компаниясына қатысты бірқатар сот отырысы өтті. Нәтижесінде компанияға жолаушылар билеті үшін 60 млн теңге қайтару міндеттелді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
"Bek Air әуе компаниясына қатысты министрлік талабы негізінде тоқтатылған рейс билеттерінің құнын қайтару бойынша бірқатар сот талқылауы жүргізілді. 60 миллион теңгеге билет сатып алған 990 тұтынушыға ақшасы қайтарылады", - деді Сұлтанов.
Еске сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Bek Air компаниясының ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 12 жолаушы көз жұмды. Ұшақта 93 жолаушы, сондай-ақ 5 экипаж мүшесі болған.