Баланың болашақта сапалы білім алуына ақшаны қалай жинаған дұрыс?
03.09.2020
1 мин
23
13701
2013 жылдан бері елімізде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) жұмыс істеп келеді. Әлеуметтік бағыттағы аталған жоба кез келген қазақстандықтың сапалы білім алуына мүмкіндік беріп, баланың оқуына алдын ала қаражат жинауға жол ашады. Сондай-ақ қатысушылар үшін мемлекет пен банк тарапынан сыйақы тағайындалған.
Десе де, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жобасы халық арасында кеңінен тарала қоймаған. Себебі жеті жылдан бері жобаға тек 21 мың адам қатысқан екен. Сондықтан осы материалда жинақ жүйесі туралы аз-кем ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік.
Жүйеге қатысу шарттары
МБЖЖ-да жинақ ашуға кез келген қазақстандық құқылы. Ашылған жинақты өзіне не баласының атына тіркей алады. Кейіннен Қазақстандағы не шетелдегі жоғары немесе кәсіби-техникалық білім алу ақысын жинақтағы қаражатпен жабады.
Жинаққа салынатын бастапқы жарна мөлшері – 3 АЕК. Ал тұрақты түрде енгізуіне болатын жарнаның көлемін де, салу кезеңділігін де салымшы өзі шешеді.
Жинақты өз таңдауыңызға қарай Halyk Bank, Jýsan Bank, ВТБ Банк және Нұрбанк бөлімшелерінен ашуға болады.
Сыйақы мен салымшыға қатысты ақпарат
Жоғарыда аталған банктер Ұлттық банк шарты бойынша сыйақыны 8,3-тен 9,8 пайыз аралығында тағайындайды.
МБЖЖ-ның AQYL депозиті мемлекеттен де 5-тен 7 пайызға дейінгі аралықта сыйақы алуға мүмкіндік береді. Сонымен, депозиттің сыйақы мөлшері банктікімен қосқанда 17 пайызға жетеді. Мысалы, әр айда 7 мың теңгеден салып отырғын жағдайда 10 жылда 2 млн теңге қаражат жиналады.
Банк салымшының оқу ақысын жинағы есебінен аудару үшін оқу орны мен студент арасындағы келісімшарттың көшірмесі керек болады.
Салымшы грант иеленген жағдайда болашақта білімнің басқа деңгейлеріне оқуға түсу үшін ары қарай жарна салуды жалғастыруына немесе жинағын басқа адамның атына рәсімдеуіне, сондай-ақ шотынан шешіп алуына да болады.
Мемлекет сыйақысы қандай жағдайда қайтарылады?
көздеген мақсаты өзгеріп, салымшы жинақ шартын өз еркімен бұзса немесе шарт міндеттемелері шарт мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылған жағдайда;
студент оқу орнынан шығарылғаннан бастап күнтізбелік үш жыл өткен соң;
жинақтау мерзімі бір жылға жетпей тұрып, мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталса;
салымшы республика азаматтығынан айырылған жағдайда;
мемлекет сыйақысы артық есептелу дерегі анықталса.
Айта кететін жайт, 10 млн теңгеге дейінгі Білім беру салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.
19 толмаган,жане 13 теги балага озине депозит ашуына болама.Кандай банктен ашкан дурыс .Мен оз бассым алайактарга афиристарга коп урынгам .АЛ СИЗДИ сабагызды корип каттысам шынайы екеннине козим жетти .
Шет грантқа түскен балаға , условиясында тек оқу тегін -қалғаны курстік с бор мен проживаниясы ақылы болғанда , жинаған ақшаны проживаниясына төлеуге болама?
"Мысалы, әр айда 7000 теңгеден салып отырған жағдайда 10 жылда 2 млн теңге қаражат жиналады"-дегенді есептеп көріп, (7000×120)+17%=982 800тг. түсіне алмадым. 10 жылда 2 млн. дегенді түсіндіріп беретін адам бар болса қуанар едім! Түсінгендерден жауап күтемін!
17 %=9,8%(банк сыйақысы)+7%(мемлекет сыйақысы) менің түсінгенімше жоғарыда осылай көрсеткен., яғни мемлекет сыйақысын қосқанда 2 млн. шықпай тұр. Сөзбен емес, нақты есебін көрсететіндер бар ма екен?