Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында Балқаштағы заңсыз кен өндіру мәселесі тұрғындармен талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиын барысында түсініктемелер беріліп, мәселені шешу жолдары ұсынылды. Ведомствоның ресми Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балқаш тұрғыны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі тау-кен жұмыстарына қатысты нормаларды түсіндіруді сұраған. Кездесуде оған толық жауаптар беріліп, тиісті мемлекеттік органға жолданды.
Ведомство өкілдері Балқашта кең таралған пайдалы қазбалардың заңсыз өндірілуі өзекті мәселе екенін жасырмады. 2024 жылғы 9 қарашада қала әкімдігімен бірлесіп “Ғарыш Сапары” геопорталы арқылы жүргізілген рейд барысында Спицына көшесі мен 10-ықшамаудан маңында рұқсатсыз топырақ өндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан карьер табылды. Бұл дерек бойынша материалдар Балқаш полиция басқармасының ақпараттық кітабына тіркеліп, тәркіленген техника жағдай анықталғанша уақытша тұраққа қойылды.
Сонымен қатар Қарағанды облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша екі дерек анықталып, жалпы 365 335 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екі заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.