Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін БҚО әкімі қызметін Ғали Есқалиев атқарған.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Нариман Төреғалиев 1964 жылы сол кездегі Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ииститутын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-экономист, заңгер.
Еңбек жолын Ақжайық ауданындағы "Есенсай" кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған Н.Төреғалиев облыстың Теректі ауданына қарасты өндірістік коопративінде бас есепші, бас экономист қызметтерін атқарған. 2002-2003 жылдары жалпы үлгідегі Орал интернат үйінің директоры, 2003-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, 2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, 2012-2015 жылдары БҚО Ақжайық ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Орал қаласының әкімі болып қызмет етті.
2017 жылы Төреғалиев Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ал 2022 жылдың маусымынан бастап Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарған.