Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13.11.2022
2 мин
0
747

Қазақстанның 11 облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

14 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Солтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, орталықта секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыста, солтүстікте, Абай облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Шымкентте оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Қостанайда 14 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні - секундына 23-28 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл