Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға 21 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 13-і – медициналық пункт, төртеуі – дәрігерлік амбулатория, тағы төртеуі – фельдшерлік-акушерлік пункт, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Сонымен қатар, 2025 жылға 3 көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар құрылысы жоспарланған.
Құрылысы 2023 жылы басталған Мәртөк ауданының Байтұрасай және Аққайың, Мұғалжар ауданының Қожасай, Шалқар ауданының Қаратоғай және Шоқысу ауылдарындағы медициналық пунктер, Темір ауданының Алтықарасуындағы дәрігерлік амбулатория, Ырғыздың Нұра ауылында салынатын фельдшерлік-акушерлік пункті жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Ал 2024 жылы ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктер, дәрігерлік амбулаториялар, жалпы саны 14 жаңа жоба іске асады.