Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Осы жылы өңірлерде Президенттік жастар кадрлық резервтері құрылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары Айнұр Серғазиева айтты деп, хабарлайды Dauletten.kz.
«Президент тапсырмасы бойынша биыл өңірлік кадрлық резервтер құрылады. Бұл өз кезегінде барлық өңірлердің жастары үшін әлеуметтік лифтке айналады. Қазіргі уақытта өңірлік резервке қатысты заңға түзетулер енгізу және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде», - деді Айнұр Серғазиева Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында.
Айта кетейік, осы жылы күзде Президенттік жастар кадрлық резервіне 8 бағыт бойынша кезекті іріктеу басталады.
Фото: twitter.com