Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы. Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтөбе облысында қар мен жаңбыр жауып, облыстың батысы мен солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. Боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қар жауады. Оңтүстік пен батыста, сондай-ақ тау бөктерінде тұман түседі.
Атырау облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығысты тұман басады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ күтіледі. Ал батысы мен солтүстігін тұман басады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран болуы мүмкін. Батыс, солтүстік және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында боран соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
Абай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығын тұман басады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран көтеріледі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарды тұман басады.
Күн райының өзгеруіне байланысты жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыз.