Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол Астана, Алматы қалаларында және "Бурабай" демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Krisha.kz сайтында үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.
Жәбірленушілермен хат алмасу кезінде ол Астана, Алматы қалаларында және "Бурабай" демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен. Пәтер жалдауға қызығушылық танытқан азаматтар жалған банк шоттарына алдын ала төлемдерді аударып, кейін пәтер иесімен байланыс үзілген. Салдарынан жәбірленушілер ақшасынан айырылды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, күдіктінің 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды, – делінген хабарламада.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.