Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 4-10 шілде аралығында жастар, жасөсіпірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Азияның 25 елінен келген 300-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыс "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл беделді құрлықтық чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және басқа да елдердің өкілдері қатысады. Ең үлкен құрам – Қазақстаннан. Ел намысын 36 спортшы қорғайды.
17-20 жас аралығындағы жас атлеттер ауыр атлетиканың классикалық жаттығулары – жұлқи және серпе көтеру түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздар жекелеген жаттығуларда да, қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша да анықталады.
Жарыстың ашылу салтанаты"Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 4 шілде күні сағат 17.00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.