451.31
504.56
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда ер адамды өлтіру ісі бойынша төрт адам ұсталды
Жаңалықтар

Алматыда ер адамды өлтіру ісі бойынша төрт адам ұсталды

12.10.2026
мин
0
148
Сурет: Qumash.kz

Алматыда 61 жастағы тұрғынның өліміне байланысты төрт күдікті қолға түсті. Полиция марқұмның пәтерін заңсыз иемдену ықтималдығын да тексеріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша төрт адам ұсталды. Қазір олардың барлығы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірнеше адамның тұрғын үйге кіріп, кейін ер адамның басына пакет кигізіп, оны пәтерден алып шығып бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Жазба көпшіліктің назарын аударды.

Полиция жүргізген тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктілердің жеке басы белгілі болған. Сонымен қатар тергеушілер олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Қылмыстық істің мән-жайын толық анықтау үшін Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Қазіргі уақытта қажетті жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысын Ішкі істер министрі жеке бақылауына алған. Істің егжей-тегжейі әзірге жарияланбайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл