451.31
504.56
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азия чемпионы Динара Оразбекова 44 жасында IRM бағдарламасының көмегімен ана атанды
Жаңалықтар

Азия чемпионы Динара Оразбекова 44 жасында IRM бағдарламасының көмегімен ана атанды

12.10.2026
мин
0
99

Азия чемпионы Динара Оразбекова 44 жасында IRM бағдарламасының көмегімен ана атанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Азияның бірнеше дүркін чемпионы, арнайы мақсаттағы бөлімшенің офицері, жаттықтырушы Динара Оразбекова 44 жасында тұңғыш рет ана атанды. Он жыл бойы осы күнді күткен спортшының арманы IRM-нің экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасының арқасында орындалды.

Динара Оразбекова 1982 жылы дүниеге келген. Ол 13 жасынан бастап спортпен жүйелі түрде айналысып, 25 жыл бойы самбо және дзюдодан кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Азия чемпионы атағын үш рет иеленіп, әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Қазақстан чемпионаттарында 11 рет топ жарып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғады. Спортшының өмір жолы татамидегі жетістіктермен ғана шектелмейді. 2006 жылы Динара Оразбекова арнайы мақсаттағы бөлімшеге қызметке орналасып, бес жыл бойы әскери қызмет атқарды. Қызмет барысында капитан әскери атағына дейін көтерілді. Кейін жаттықтырушылық жолды таңдап, жинаған білімі мен тәжірибесін жас ұрпаққа үйрете бастады. Қазіргі уақытта оқу орталығы мен балабақшада жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Алайда спортта талай белесті бағындырған Динара үшін өмірдегі ең үлкен сынақ жеке өміріне қатысты болды. Ол он жыл бойы ана атануды армандап, осы мақсатына жету үшін ұзақ жолдан өтті.

IRM-нің 30 жылдығына орай бала сүюді армандаған отбасыларға 15 тегін ЭКҰ бағдарламасы ұсынылды. Осындай мүмкіндікке ие болғандардың қатарында Динара Оразбекова да бар. Көп жыл бойы ана атануды күткен әйел үшін бұл мүмкіндік өмірінің жаңа кезеңіне жол ашты. ЭКҰ бағдарламасы сәтті аяқталып, Динара Оразбекова 44 жасында көптен күткен ұлын дүниеге әкелді.

Қазақстанның, Азияның және әлемнің спорттық ареналарында талай жетістікке жетіп, арнайы мақсаттағы бөлімшеде қызмет атқарған Динараның өмірінде енді орны бөлек, ешбір медальмен салыстыруға келмейтін қуаныш бар. Ол – көптен күткен перзентінің дүниеге келуі. 

Динара Оразбекованың оқиғасы – қиындыққа мойымаудың, үмітті жоғалтпаудың және арманға жету жолында табандылық танытудың үлгісі. Сондай-ақ дер кезінде берілген мүмкіндік адамның өмірін түбегейлі өзгерте алатынын көрсетеді.

IRM үшін 30 жылдық мерейтой – кәсіби жетістіктерді қорытындылаумен ғана шектелмейтін маңызды кезең. Бұл — көптен күткен сәбиін құшағына алып, отбасын толықтырған жандардың қуанышты оқиғалары. Динара Оразбекованың өміріндегі жаңа белес – соның бір жарқын мысалы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл