Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қосымша демалыс күндерін алады
Жаңалықтар

Қазақстандықтар қосымша демалыс күндерін алады

11.02.2025
1 мин
0
2495
Сурет: gov.kz

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтар үшін демалыс күндеріне жомарт болмақ. Dauletten.kz сайты сіздерге наурыз айындағы демалыстар мен мерекелердің ыңғайлы күнтізбесін дайындады, осылайша демалысыңыз бен сапарларыңызды алдын ала жоспарлай аласыз.

Наурыз айында қазақстандықтар екі бірдей мемлекеттік мерекені атап өтеді: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауыстырылуына байланысты ел тұрғындары қосымша демалыс күндерін алады.

Нәтижесінде, 2025 жылғы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 14 күн, ал алты күндік жұмыс аптасы барлар 10 күн демалады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бұл мереке сенбіге түсетіндіктен, демалыс күні 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар ұзақ демалыстың рахатын көре алады:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 8, 9 және 10 наурыз – демалыс күндері;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 8 және 9 наурыз – демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні.

Наурыз мейрамы

Наурыз – жылдың ең басты әрі көптен күткен мерекелерінің бірі. 2025 жылы Наурыз мейрамының ресми мерекелік күндері жұма, сенбі және жексенбіге түседі, сондықтан демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

  • бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында, яғни бес күн қатарынан демалады;
  • алты күндік жұмыс аптасында 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс, ал 25 наурыз, сейсенбі күні жұмысқа шығу қажет болады.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл