Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12 желтоқсанда Жамбыл облысы Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарды соққыға жыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сатйы.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, күдікті кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бетінен соққы жасаған.
Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі үйге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Әйелдердің бірінің үйіндегі күйеуі бұзақыны ұстап, полиция шақыртқан.
Полиция қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді.
«Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады»,-делінген хабарламада.