Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысы мектептерінде 210 мұғалім жетіспейді.
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, әсіресе қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні, орыс тілінде математика, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиеші, ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандар қажет.
Оның айтуынша, қазір жас мамандарды жұмысқа конкурс арқылы қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, биыл өңірде білім беру ұйымдарының (28-і – жалпы орта білім беретін ұйым, 37-сі – мектепке дейінгі ұйым, үшеуі – қосымша білім беру ұйымы, екеуі – кәсіптік және техникалық оқу орны) 70 басшысы басшысы) ротацияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
С. Темірғалиеваның сөзіне қарағанда, облыс бойынша жалпы білім беретін 379 мектепте (371-і – мемлекеттік күндізгі, үшеуі – мемлекеттік кешкі, бесеуі – жеке) 115 мыңнан астам оқушы білім алады.
Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне байланысты Бөкей ордасы ауданы Шоңай бастауыш мектебі жабылса, Бөрлі ауданы Қарағанды орта мектебі негізгі мектеп болып қайта құрылады. Ал, шәкірт санының көбеюіне орай, Тасқала ауданы Ынтымақ ауылында бастауыш мектеп ашылады.
«Биыл 1-сыныпқа 13 222 оқушы қабылданса, соның 9 066-сы немесе 69 пайызы мемлекеттік, 4 153-і немесе 31 пайызы орыс тілінде білім алмақ», - деді С.Темірғалиева.
Тағы көру